Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтың тойда ән айтып жүрген видеосы тарады

2 мамыр, 2024 / Өтей Торғайұлы
Видеодан алынған скриншот
Алматының бұрынғы әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілікті.

Алматы қаласының экс-әкімінің «МұзАрт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевпен бірге ән салған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Танымал азаматтар Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Қайран менің жүрегім» әнін орындаған.

Олардың бұл өнеріне  қатысты «Керемет орындау», «Елім», «халқым», «әрбір қазақ – жалғызым» дейтін білікті маман», «Тойға шығып кеткен бе?», «Әу» демейтін қазақ жоқ», «Жұп болсын, Ахметжан аға» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @kris_p_akimat

Тэгтер:

Алматы той Ахметжан Есімов