Қоғам

Алматы облысында пара алды деп айыпталған күдіктіге электронды білезік тағылды

Фото: ҚР ІІМ

Алғаш рет күдіктіні бақылау үшін электронды білезік қолданылды

Алматы облысында алғаш рет күдіктіні бақылау үшін электронды білезік қолданылды, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.

Алматы облысының Іле аудандық сотында ірі мөлшерде пара алды деген айыпталған тұрғынды үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру жөніндегі материал қаралған.

"Сот қаулысымен Д. электронды бақылау құралдарын (электронды білезік) қолдана отырып және осы құралды өзімен бірге алып жүруі міндеттерін жүктей отырып, үй қамағына алуға санкция берілді. Қаулы заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.