Қоғам

Қазақстандықтар екінші ай қатарынан Ирактан елеулі қаражат алып жатыр

сурет: Zakon.kz

Үлкен көлемде қаражат түскен елдер бойынша статистикада Ирак екінші ай қатарынан көзге түсті.

Наурызда халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы (ХААЖ) ҚР-ға 607,4 млн теңге түсті, деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро. 

Үлкен көлемде қаражат түскен елдер бойынша статистикада Ирак екінші ай қатарынан көзге түсті. Сондай-ақ, ақпандағымен салыстырғанда сома күрт өскен (ақпанда 245,3 млн теңге болды).

Жалпы кейінгі, атап айтқанда, 2017 жылдың басынан бері Ирак бойынша жеке деректер үшінші рет қана келтіріліп отыр. Ең алғашқысы 2023 жылдың қыркүйегінде болған.

Наурызда Ирактан аударылған орташа сома аталған елдердің ішіндегі ең жоғары сома болды - 934,5 мың тг. Салыстырмалы түрде Грузия 638,6 мың көрсеткішімен екінші орынға орналасты. Жалпы жағдайды түсіну үшін ХААЖ арқылы жасалатын аударымдардың жайы қалай екенін қарастырайық. Ақпанмен салыстырғанда өзгеріс жоқ деуге болады: шетелден 20,1 млрд тг түсті, айдан айға +5%, ал жіберілгені 59,3 млрд тг, айдан айға бар болғаны +1%, - деп жазылған хабарламада. 

Дереккөз: Бірінші кредиттік бюро​​​​