Жаһан

Күн сайын 40 мыңға жуық тағам түрі ұсынылмақ: Француз аспаздары Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр

сурет: Michel Euler / Copyright 2024 The AP.

Sodexo LIVE француз қоғамдық тамақтандыру компаниясы спортшыларға арналған 500 рецепт әзірлегенін мәлімдеді.

Француз аспаздары Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Олимпиада қалашығында 200 елден келген 15 000 спортшыға күн сайын 40 000-ға жуық тағам түрі ұсынылмақ. Мәзірде вегетариандық тағамдардың саны көп, деп хабарлады euronews.com.

"Тағам мәзірі бай және әралуан болады. Кеушілер бәрін ұнатады деген сенімдемін", - деді Филипп Вурц. Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасының тамақ және сусын менеджері.

Sodexo LIVE француз қоғамдық тамақтандыру компаниясы спортшыларға арналған 500 рецепт әзірлегенін мәлімдеді. Мәзірде вегетариандық тағамдардың кең таңдауы бар. Гарнирлер мен сорпалардың кең ассортиментімен бірге жүреді. Сонымен қатар, ірімшіктің алуан түрі ұсынылмақ.

Спортшылар, сонымен қатар, аспаздар дайындаған француз тағамдарын өздерімен бірге алып кете алады.