Жаңалықтар

Атырауда 20 жастағы жігіт жедел жәрдем қызметкерін ұрып-соққан

stan.kz

Күдікті қамауға алынды.

Атырауда ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып-соққан, деп хабарлады turkystan.kz atpress.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау қаласында 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында Жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталды.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.