Сенатта бала туғаннан кейін бірден ЖСН беретін заңды мақұлдады

2 мамыр, 2024 / Анель Жарылғасын
pixabay
Мәжілісінің депутаттырының бастамасымен әзірленген құжат бойынша сенатор Бауыржан Қаниев баяндама жасады.

Сенат депутаттары байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау бойынша ҚР-ның 38 заңнамалық актісіне, оның ішінде 9 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтыру енгізетін заңды мақұлдады.

Мәжілісінің депутаттырының бастамасымен әзірленген құжат бойынша сенатор Бауыржан Қаниев баяндама жасады. Заңда төмендегідей негізгі өзгерістер бар:

Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылау үшін қажет ғарыштық мониторинг жүйесі арқылы орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, ормандарды толықтыру және орман өсіру саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат алу да заңның аясында қарастырылған, - деді Қаниев.

Ол сондай-ақ қажетті инфрақұрылым құрылысын және шұғыл қызметтердің жұмысын жеделдету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне бюджет қаражаты есебінен телекоммуникация желілері мен кабельдік кәріздерді түгендеу бойынша құзырет берілетінін атады.

Тэгтер:

Заң Бала Сенат ЖСН