Жаңалықтар

Павлодарда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Бойжеткен үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Мереке күні үйінен шығып кеткен жасөспірім үйіне қайта оралмаған, деп хабарлады turkystan.kz.

15 жастағы павлодарлықты іздеуге «VITA» іздестіру жасағының еріктілері жұмылдырылған. 

"1 мамырда Руслана Ткаченко Радио зауыттағы үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Іздеу жасағының мәліметінше, туыстары мектеп оқушысының жоғалып кеткенін бірден жариялап, іздеуге негіз болған. Руслананың бойы – 156 сантиметр, арықша келген, шашы ақсары түсті. Қызыл капюшоны бар жемпір, ашық көк түсті леггинс және қара аяқ киім киген", - деп жазылған хабарламада.