T-LIFE

Ұйықтар алдында әлеуметтік желі ақтару отбасының бұзылуына әкелуі мүмкін – зерттеу

сурет: parents.parentzone.org.uk

Адамдар күннің аяғында ұйықтауы керек екенін айтқан ол, әсіресе отбасы мүшелерінің бір жерде отырып, әрқайсы өз бетінше смартфонға үңілуі отбасының бір-бірінен алыстауына апарып соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Ұйықтар алдында әлеуметтік желі ақтару отбасының бұзылуына әкелуі мүмкін. Америкалық отбасылық терапевт көптеген отбасы телефонды шамадан тыс қолдануға байланысты көптеген мәселеге тап болып отырғанын айтады

Трейси Росс – Нью-Йорктегі отбасылық терапевт, ол көптеген отбасы әлеуметтәік желіге байланысты салқындық пен алшақтық сезетінінін айтқан.

"Мен жұмыс істейтін көптеген отбасы балаларының, өздерінің үнемі телефонға алаңдайтынына және назар аударту қиын екеніне шағымданады", - деп түсіндірді ол Huffington Post газетіне берген сұхбатында.