Спорт

Қазақстандық дерби: Елена Рыбакина бірінші рет Юлия Путинцеваны жеңіп, Мадрид турнирінің жартылай финалына шықты

WTA

Бұған дейін қос теннисші екі рет кездесіп, екеуінде де Путинцева жеңіске жеткен.

Бүгін Мадрид кортында қос қазақстандық теннисші өзара кім мықтыны анықтады.

Әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда отандасы Юлия Путинцеваға қарсы ойнап, жеңіске жетті.

Үш сағатқа жалғасқан ойын 4-6, 7-6 (7-4), 7-5 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Бұған дейін қос теннисші екі рет кездесіп, екеуінде де Путинцева жеңіске жеткен. Алғашқы кездесу 2020 жылы Римде, екіншісі 2021 жылы Индиан-Уэллсте болған еді.