Жаңалықтар

Астана әуежайы түнгі уақытта рейстерді қабылдамайды

egemen.kz

Сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау мен ұшу тоқтатылады.

Жөндеу жұмыстары басталуына байланысты Астана әуежайы түнгі рейстерді қабылдамайды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Астана халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге байланысты 1 мамырдан бастап жұмыс аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау мен ұшу тоқтатылады» – делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.