Алматыда өрт шыққан үйден 27 жастағы әйелдің денесі табылды
Өрт болған үйден 23 адам эвакуацияланды.
Алматыда өрт болған пәтерден бір әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды urkystan.kz Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
1 мамыр күні таңғы 05:18-де өрт болған үйден 23 адам эвакуацияланды. Бір адам зардап шекті, сондай-ақ бір әйелдің денесі табылған.
"Өрт орнынан 1990 ж. т. Б. атты азамат ГКБ-7-ге жатқызылды. Сонымен қатар 1997 ж. т. әйелдің денесі табылды. ТЖД жеке құрамынан 48 л/с және 12 бірлік техника жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Оқыс оқиғаның мән-жайын тергеу тобы анықтап жатыр.