Спорт

Әйгілі боксшы Василий Ломаченко спортпен қош айтысуы мүмкін

Getty Images

Мен спорттың бұл түрімен айналысып жүргеніме көп жыл болды

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, кәсіпқой рингте үш салмақта топ жарған украиндық былғары қолғап шебері Василий Ломаченко кез келген спортпен қош айтысуы мүкмін екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Fightnews.info-қа сілтеме жасап.

36 жастағы боксшы қай уақытқа дейін дене қалыбын ұстап тұра алатынын айта алмаймын дейді.

"Мен спорттың бұл түрімен айналысып жүргеніме көп жыл болды, өте көп. Тағы қанша уақыт жұдырықтасатынымды болжап айту қиын. Бұл тағы бір қиын кездесу мен машақаты көп дайындықтан соң дене қалыбымның қалай болатынына байланысты, – дейді Ломаченко.

Еске сала кетейік, Ломаченко 12 мамырда аустралиялық Жорж Камбососқа қарсы жұдырықтасады.