Жаңалықтар

Оралда ұшақ бортынан 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді

zastavki.com

Жолаушылардың сөзіне қарағанда, ұшу кезінде екі адамның қызуы көтеріліп, құсқан.

Алматыдан Оралға бет алған «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағында өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform.kz мәліметінше, аталмыш ұшақ М.Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайына 30 сәуір күні сағат 22.25-те қонған. 

Жолаушылардың сөзіне қарағанда, ұшу кезінде екі адамның қызуы көтеріліп, құсқан. 

БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, кеше түнде ресейлік екі азамат осында жеткізілген. 

«Анамнез, эпиданамнез алынып, дәрігерлер қарағаннан кейін аталған екі адамнан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы тұрғылықты мекенжайына аттанып кетті», - деді Н.Ахметова.