Талдықорғандағы мектеп асханасында жүгіріп жүрген тышқанның видеосы тарады

30 сәуір, 2024 / Өтей Торғайұлы
© Depositphotos.com / igorr1
Видео авторы Талдықорғандағы №28 мектептің асханасын кеміргіштер жайлап алғанын айтады.

Талдықорғандағы №28 мектептің асханасында жүгіріп жүрген тышқан видеоға түсіп қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған мәселеге Жетісу облыстық білім басқармасы назар аударды.

"Жарияланған видеоны нақтылау үшін арнайы жұмыс тобы жіберілді. Жұмыс нәтижелері қосымша хабарланады", - деді облыстық білім басқармасы өкілдері.

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кертаев Айдос (@krisp.tdk)

Тэгтер:

мектеп Талдықорған тышқан