Жаңалықтар

28 бас жылқыны ұрлаған Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны қамауға алынды

azh.kz

Күдікті жауап алу барысында өзінің кінәсін толық мойындады.

Жетісу облысында 28 бас жылқыны ұрлаған Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы Ескелді ауданында 28 бас жылқыны ұрлау фактісі тіркелген. Жылқыларды ұрлады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті жауап алу барысында өзінің кінәсін толық мойындады.

– Жылқыларды күдікті ер адам Ақсу ауданының ауылдарының бірінде орналасқан шаруа қожалығындағы малдардың арасына қосып, жасырмақ болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрланған жылқылар өз таңбаларымен танылып, табылады деген үмітін үзбеген заңды иесіне қайтарылды, – деп атап өтті ПД криминалдық полиция басқармасында.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.