Павлодарда студент қыз өз-өзіне қол жұмсады
Облыстық полиция департаментінде қайғылы оқиғаны растады.
Павлодар қаласында орналасқан жатақханада студент қыздың мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Бойжеткеннің мүрдесі Павлодар жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасынан табылды. Облыстық полиция департаментінде қайғылы оқиғаны растады.
«ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді департаментте.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.