Атыраудағы өрт: Денесін күйік шалған әйел ауруханада көз жұмды
Еске сала кетсек,25 сәуірде Индер ауданы Индербор кентінде бес қабатты тұрғын үйлердің бірі өртеніп, екі бала көз жұмған еді.
Атырау облысында өрттен қаза тапқан балалардың анасы да көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Денесінің 90-95 пайызын күйік шалған әйел 26 сәуір түнгі сағат 03.30-да қайтыс болды. Ал ер адам есін жиған, қазір ол аудандағы ауруханада ем алып жатыр», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 25 сәуірде сағат 05:37 минутта Индер ауданы Индербор кентінде бес қабатты тұрғын үйлердің бірі өртеніп, екі бала көз жұмған еді. Ал балалардың анасы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Полиция күдіктіні қамауға алды.