Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңгені жымқырған
Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Астана прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.
Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.