Танымал эстрада жұлдызына айыппұл салынды (ВИДЕО)
Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасаған.
Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың соңғы концерттерінің бірінде балағат сөз айтып қойғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлады turkystan.kz KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті.
Бұл оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлама таратты.
«Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген ведомство ақпаратында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram