«Асылып тұр»: Павлодарлық полицейлер мас адамды құтқарып қалды
Полицейлердің уақытылы және сауатты әрекеттерінің арқасында бір адам ажалдан аман қалды.
Павлодар облысында полицейлер масаң күйдегі адамды суицидтен құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Полицияға “Теміржол көпірінде ер адам асылып тұр” деген қоңырау түскеннен кейін дереу оқиға орнына автопатрульдердің экипаждары жіберілген. Тәртіп сақшылары ер адамның мас күйде екенін анықтаған.
– Біз дереу құтқару шараларын қабылдадық. Оның тағдыры бірнеше секундта шешілетін болды. Көпірден ер адамды тартып алу мүмкін емес екені түсінікті болды. Сондықтан біз тросты алып, оның көмегімен павлодарлықты қоршаудан алып шықтық. Адамды құтқару кезінде бізде бір мақсат болды – оның өмірін сақтап қалу, – деді патрульдік полиция батальоны взводының командирі Еркебай Өтегенов.
Полицейлер жедел жәрдем көлігін шақырып, ер адамды дәрігерлерге тапсырды.