Жаңалықтар

Алматыда ер адам мәйітханадағы өлген адамдарды зорлаған

Фото: t.me/kozachkow

Алматыда некрофил ұсталды. Аталған жайтқа байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

Журналист Михаил Козачков Telegram әлеуметтік желісінде қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

«Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын ломбардқа өткізбек болған. Ломбард қызметкерлері телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған. Осылайша, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен», - деп жазды журналист.

Оған қатысты ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.