Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Ақпаратта айтылғандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады turkystan.kz kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
«29 сәуірде сағат 14:45-те елордалық өрт сөндірушілер Ш.Құдайбердіұлы 32 мекенжайына барды. Анықталғандай 3-і қабаттағы пәтердің балконында 10 шаршы метрді құрайтын үй заттарын от шалған. Өрт сағат 15:15-те сөндірілді», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Қазір өрттің себебі анықталуда. Тілсіз жаумен күреске 3 бірлік техника мен Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 13 адамы жұмылдырылды», - дейді департаменттен.