Жаңалықтар

Тұман түсіп, бұршақ жауады: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

jambylinfo.kz

Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжануда.

«Қазгидромет» РМК 30 сәуір мен 2 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің дерегінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

«1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақыттарда жаңбырдың қарға ұласуы ықтимал, найзағай түсіп, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжануда», - делінген хабарламада.

Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді.