Жаңалықтар

Елордада 2 автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді

Instagram/CTS_KZ

Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады.

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді.

Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады.

«Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 14, №64 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар», - делінген хабарламада.

Компания тұрғындарға сапарларын алдын ала жоспарлауды ескертті.