Жаңалықтар

«Семей орманы» резерватында тағы өрт болды

Табиғи өрт 0,8 га алаңда жойылды.

Абай облысындағы «Семей орманы» тағы да қызыл жалынға оранды. ҚР ТЖМ мәліметінше, Бородулиха филиалының Дмитрев орманшылығындағы табиғи өрт 0,8 га алаңда жойылды.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД мен табиғи резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.