Жаһан

Тәжікстан өз азаматтарына Ресейге бармауға кеңес берді

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі

Бұл туралы ведомствоның Telegram арнасында жарияланды.

Тәжікстан елінің Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына жақын арада Ресейге бармауға кеңес берді.

Бұл туралы ведомствоның Telegram арнасында жарияланды.

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына аса қажет болмаса, Ресей аумағына көліктің барлық түрімен барудан уақытша бас тартуды ұсынады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, наурыз айында Мәскеуде болған террорлық шабуылды ұйымдастырды деген күдікпен Тәжікстанның бірнеше азаматы ұсталған болатын.