Жаңалықтар

«Ауыр соққыға жыққан»: Абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған прокурор сотталды

Сотталушыға 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары абайсызда кісі өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға сотталды, деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотта 2023 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Т. Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, жәбірленуші М-мен жанжалдасып, ақырында оны ауыр соққыға жыққаны анықталды. Салдарынан жәбірленуші жерге құлап, есін жимастан алған жарақаттардан қайтыс болған.

Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, асырауында үш жас баласының болуын, оның біреуінің үшінші топтағы мүгедек екенін ескерген. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.