Оралда бастауыш сынып мұғалімін өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

27 сәуір, 2024 / Ақмарал Берекет
Мой город
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.

Орал қаласында полицейлер бастауыш сынып мұғалімін өлтірді деген күдіктіні ұстады. 

Ер адам 25 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Орал қаласының тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске салсақ, 25 сәуірде Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитина өз пәтерінде өлі күйде табылған болатын.

 

Тэгтер:

күдікті Орал Өлім Бастауыш сынып мұғалімі