Елімізде жұмыртқа бағасы тағы да өзгерді
Өнімнің бағасы Қазақстанның жеті қаласында өзгермеген.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы төртінші апта қатарынан жұмыртқа бағасының төмендегенін мәлімдеді.
Республика бойынша тауық жұмыртқасының құны 16 сәуір мен 23 сәуір аралығында орта есеппен 1,8%-ға арзандады. Бұған дейін алты айдан астам уақыт бойы баға жоғары болған еді.
Мұның бәрі тауықтардың күз бен қыста нашар жұмыртқалайтындығына байланысты. Өнімнің бағасы Қазақстанның жеті қаласында өзгермеген, ал Астана, Шымкент және Атырауда аздап өскен.
Айта кетейік, жұмыртқа жыл басындағыдан шамамен 3,5%-ға қымбатырақ.