Жаңалықтар

«Артында екі қызы қалды»: Оралдық мұғалімді өз үйінде өлтіріп кеткен

Мұғалімнің жұмыс өтілі 40 жыл, 35 жыл бір мектепте жұмыс істеген.

Мұғалімнің мәйіті 25 сәуірде табылды, деп хабарлады turkystan.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, іс 99-бап "Кісі өлтіру" бойынша тергеліп жатыр. Жедел іздестіру шаралары жүріп жатқандықтан, басқа мәліметтер жарияланбайды.

Қалалық білім бөлімі марқұмның ұқыпты әрі жауапкершілігі мол ұстаз екенін айтты. Мұғалімдік жұмыс өтілі 40 жыл, 35 жыл бір мектепте жұмыс істеген.

Никитина жұмыс істеген №9 мектеп ұжымы әлеуметтік желіде көңіл айтты.

Көршілерінің айтуынша, ол мейірімді, жауапкершілігі мол, жанашыр адам болған. Мұғалім бос уақытында өзі тұрған үйдің өміріне белсене араласты.

​​​​​​​