Спорт

Қазақстандық боксшы Англияда өткен жекпе-жегінде жеңіске жетті

prosports.kz

Тұрсынбай Құлахмет мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (6-1, 4 КО) Хайтон қаласында (Англия) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлады Sports.kz.

Ол польшалық Роберт Таларекпен (28-24-3, 19 КО) жекпе-жек өткізді. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда белгіленген уақытқа созылмады: төртінші раундта Құлахмет тарапынан жасалған мықты соққыдан кейін поляк орнынан тұра алмай қалды.

Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Роберт Таларек 25-ші жеңілісіне ұшырады. Құлахмет үшін бұл 2021 жылдың қазан айында доминикандық Хуан Карлос Абреуден (26-7-1, 24 КО) ауыр нокаутпен жеңілгеннен кейінгі үшінші жекпе-жек болды. Осы жеңілістен кейін ол колумбиялық Хоэль Хулио (39-20, 33 КО) мен француз Фуад Эль Массудиді (18-22-1, 2 КО) жеңген болатын.