Жаңалықтар

Менделеев олимпиадасы: Қытайда қазақстандық оқушылар 9 медаль ұтып алды

Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола жеңіп алды.

Қытайда өткен химия пәнінен 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы шықты. Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен жарысқа 29 елден 200-ден астам оқушы қатысып, өзара 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлдені таласқа салды.

Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола, барлығы 9 медаль жеңіп алды:

Алтын медаль - Ринат Илюсизов, Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушысы.

Күміс медаль - Әділжан Молдағұл, Ақтау қаласының "Білім-Инновация" лицей-интернатынан және Кирилл Ким, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен.

Қола медаль - Абылай Қабдулхадыр, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, Алихан Серікұлы, Haileybury Almaty халықаралық мектебі, Еңлік Бақытбекова, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тамила Рахимбаева, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Санжар Қалиақбар, Қарағанды қаласының №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернаты және Әліби Мұғалім, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» мектеп-интернаты.