Балқаш қаласының маңында қамыс алқабы өртеніп жатыр
Айналаны қараңғы басқандықтан қамыс өртін сөндіру тоқтатылды. Өрт сөндіру жұмыстары таңертең жалғасатын болады.
Қарағанды облысының құрамына кіретін Балқаш қаласынан 5 км қашықтықта (Ақтоғай ауданы) Балқаш көлінің жағалау сызығы бойында орналасқан Сарышаған шығанағы аумағында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Айта кетейік, қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары уақытша тоқтатылған.