Жаһан

Еуропадағы заманауи сәулет өнерінің ең үздік үлгісі анықталды

сурет: dezeen.com

Неміс жобасы Еуропаның түкпір-түкпірінен келген 39 жұмыстан озып шықты.

Густав Дюсинг пен Макс Хеке атты сәулетшілер жобалаған Германиядағы Брауншвейг Техникалық Университетінің кампусындағы Зерттеу Павильоны биылғы Еуроодақ Заманауи Сәулет Сыйлығының лауреаты атанды. 

Mies van der Rohe Қоры мен Еуропалық Комиссия ұсынған неміс жобасы тұрақтылыққа деген инновациялық көзқарасы үшін, сондай-ақ оқу, ынтымақтастық және қоғамдық жиындар үшін қонақжай және интерактивті кеңістік құрғаны үшін марапатталды. 

Неміс жобасы Еуропаның түкпір-түкпірінен келген 39 финалисті, соның ішінде Швецияның Лунд маңындағы мистикалық бақты, Испанияның Мадрид қаласындағы мектепті және Берлиндегі қалқымалы университетті шаң қаптырды.