Жаңалықтар

Павлодарда бойжеткен танысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Павлодарда бойжеткен танысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Павлодар қаласының полициясына қала тұрғыны жүгінді.

Ер адамның айтуынша, ол интернет арқылы танысқан қызын бірге уақыт өткізу үшін үйіне шақырғанын. Алайда қонаққа келген ару жәбірленушінің Samsung телефонын қолды қылып кеткен.

Полицейлер атап өткендей, телефон ұрлығының 59%-ы – сенімге әбден кірген жәбірленушілердің таныстары жасайды екен. Осыған байланысты полиция қызметкерлері сақ болуға шақырады.