Жаһан

Ганада вирус тарап, 254 млн какао ағашы кесілді

Вирусты пестицидтерге төзімді жәндіктер таратады және вакцинация тым қымбатқа түседі.

Ганада какао дақылын 50%-ға дейін жойып жіберуге қауқарлы вирус тарап, шоколад өндірісінде қиындық пайда болды, деп жазды technologynetworks.com.

Гана вирустан зақымданған 254 миллион какао ағашын кесуге мәжбүр болды. Вирусты пестицидтерге төзімді жәндіктер таратады және вакцинация тым қымбатқа түседі.

Сарапшылар шоколад тапшы болып, бағасы қымбаттайды деп болжап отыр.