Жаһан

"Бұл – темекі шекпейтіндерді құрметтеу": Италияда шылым шегуге байланысты жаңа тыйым енгізілді

сурет: REUTERS / Гульельмо Манджапане

Ережені елемегендер 100 еуро айыппұл арқалайды.

Италияның солтүстігіндегі Турин қаласында далада шылым шегуге байланысты жаңа тыйым енгізілді. Оған сәйкес, егер басқа адамдар сізден кемінде 5 метр қашықтықта тұрмаса, темекі шегуге тыйым салынады, деп жазды Reuters.

Бұл шешімге қала мэрі Стефано Ло Руссо "табылған ақыл" деп баға берді.

"Бұл – темекі шекпейтіндерді құрметтеу, сондай-ақ белгілі бір деңгейде құрметтей білу мәдениетін насихаттау", - деді сейсенбіде жергілікті радиостанцияға берген сұхбатында солшыл демократиялық партияның өкілі Ло Руссо.

Ережені елемегендер 100 еуро айыппұл арқалайды.