Саясат

Қазақстан депутаттары Үрімшіге барды

Қытай мен Қазақстанның әлеуеті байланысты және бір-бірін толықтыратыны маңызды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Үрімшіге келді. Онда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай коммунистік партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті.

Тараптар екі жақты, соның ішінде өңіраралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады.

Мәжіліс төрағасы Шыңжаң Қазақстан үшін достас Қытайға жол ашатынын және бұл оның екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтудағы рөлін көрсететінін атап өтті.

Жиын барысында Мәжіліс төрағасы екі елдің депутаттары өзара келісімдер мен уағдаластықтардың орындалу сапасын жүйелі түрде бақылай алатынын атап өтті.

Басқосуда сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері де қозғалды.

Тараптар Қазақстан аумағында электронды сауданы дамыту үшін бірлескен өңірлік қойма инфрақұрылымын құру идеясын да талқылады. Сондай-ақ көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, трансшекаралық су ресурстары және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Ма Синьжуй Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған сапарының маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі таңда Шыңжаңның Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған тарихи деңгейге жетті.  Ол Қазақстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын жүзеге асырудағы негізгі стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Жақын арада «Аягөз-Тачэн» үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы басталады. Ол Шыңжаңның Қазақстанның шекаралас облыстарымен байланысын одан әрі кеңейтіп, Қытайдың Орталық Азияға алтын қақпасы ретіндегі рөлін нығайтады.

 Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Қытайдағы ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші «Xinjiang Xinyan» компаниясының қызметімен танысты.