Павлодарда 19 жастағы жігіт есірткі таратқаны үшін сотталды
Жігіт сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Павлодарлық тұрғын есірткі таратқаны үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 жастағы павлодарлық соңғы жылдары құмар ойындар ойнап, қарызға белшесінен батқаннан кейін жұмыс іздей бастаған. Жігіт сайт арқылы оңай әрі табысты жұмыс тапқан.
«Ер адамды полиция қызметкерлері есірткі қаптамаларын сатуға тырысқанда ұстаған. Күдіктіні тексеру кезінде күртешенің қалтасынан 18 грамнан астам психотроптық зат тәркіленді», - делінген хабарламада.
Есірткі қылмысы үшін ер адам сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.