Шымкентте атыстан жасөспірім қайтыс болды

Шымкентте атыстан жасөспірім қайтыс болды

Шымкентте атыстан жасөспірім қайтыс болды
ашық дереккөзі
Шымкентте мешіт маңында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жедел жәрдем қызметі Ворошиловка ауданында орналасқан мешіт маңында болған атыстан жарақат алған екі адамды ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта ер адамдар ем алып жатыр. Аурухана бас дәрігерінің айтуынша, олардың кеуде тұсына, беліне және жамбасына бытыралы оқ тиген. Олар есін біледі.  Полициядағылар атыс дерегін растап берді. Полицияның мәліметінше, ауруханада бір адам жатыр. ОҚО ІІД хабарламасы бойынша, атыс салдарынан жас шамасы 14-тегі бала қайтыс болған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. "Бұл жасөспірімнің өліміне екі адамның қатысы бар", - дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.  Полицейлер кәмелет жасына толмаған баланың өліміне қатысы бар екі күдіктінің кім екендерін анықтады. Қазіргі уақытта олар іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ АІІБ жедел-тергеу тобы, осы қалмыстың алдында бірін-бірі танитын адамдар арасында жанжал шыққанын анықтаған. Қаза тапқан баланың қылмыскерлерге қандай қатысы барын полицейлер анықтап жатыр. Еске салайық, Шымкентте Ворошиловка ауданында орналасқан мешіт маңында атыс болды. Бір адам қаза тапты. сондай-ақ 1995 және 1999 жылғы ер адамдардың кеуде тұсына, беліне және жамбасына бытыралы оқ тиген.