Жаңалықтар

Есірткі қолданған Air Astana әуе компаниясының ұшқышы ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып, сақтаған.

23 сәуір күні кешке Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерді жөнелту аймағында полиция Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышын ұстаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Newsroom.kz порталына сілтеме жасап.

Қамауға алу кезінде екінші ұшқыш есірткіге мас күйінде болған. Ол мектеп оқушыларын ұшқыш мамандығына тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшып бармақ болған. 

Жеке тінту кезінде одан заңсыз ешнәрсе табылмады. Алайда медициналық тексеру психостимуляторларды қолданудан туындаған есірткілік интоксикацияны көрсетті (мефедрон метаболиттері анықталды).

Ұшқыштың тұрғылықты жерінен есірткі қылмысымен күресушілер пластик құбыр тәркіледі. Олар одан ұнтақты шөгінділерді тапты.

Әнуарбеков тәртіп сақшыларына 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын ер адам төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған.

Тергеушілердің айтуынша, Әнуарбеков тауарларды интернет-дүкендер арқылы алып, есірткі жасыратын орындарды іздеген.

Іс Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі ( Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тергелуде. Ұшқыш 160 АЕК (590 720 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.