Қоғам

Мен жылап отырмын, ал сіз қыдырып жүрсіз: Алматыда автобус қағып, мерт болған тұрғынның әйелі сотта сөз сөйледі

Видеодан скриншот

5-қабаттан секіріп кетуге аз қалдым

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған сот отырысын тікелей эфирде көруге болады. Сот отырысында апат кезінде жұбайынан айырылған жәбірленуші күдіктімен қатар автобус жүргізушісінің де жазаға тартылуын талап етті. 

«Осы оқиғаға әкеп соқтырған екі адамды кінәлаймын. Біріншісі соққыған жыққан Ахметжановты, екіншіден жүргізуші Шөкебаеваны кінәлаймын. Екеуінікі де дұрыс емес. Ер адам әйел адамды ұрмауы керек екенін бәріміз де білеміз. Сіз "кінәлі емеспін, жалғызбасты анамын" деп айтып отырсыз. Олай емес екенін бәріміз білеміз. Жеке өміріңізге бас сұға алмаймын. Бірақ өзіңіз соған әкеп жеткіздіңіз. Бұл сөздер шықпас еді. Менде де көп сөздер жиналып қалды. 14 ақпан күні жұмыста жылап отырдым, ал сіз жігітіңізбен қол ұстасып қыдырып жүрдіңіз. Білесіз бе, мен қандай жағдайда болғанымды. 5-қабаттан секіріп кетуге аз қалдым. Сіз менің жағдайымды білмейсіз. Менің күйеуім жердің астында жатыр. Қырқы жаңадан өтті. Сіз соны ескеріп, осыны Тикток-қа салмай-ақ қояйын деп ойлауға болатын еді. Сіз олай істемедіңіз. Мен жылап отырмын, ал сіз қыдырып жүрсіз», – дейді жәбірленуші Құсайынова.