Жаңалықтар

Шымкентте 22 адам белгісіз сұйықтықтан уланып қалған

24.kz

Олардың арасында 2021 және 2023 жылы туған екі бала бар.

Шымкентте 22 адам белгісіз сұйықтықтан уланып, медициналық көмекке жүгінді, деп хабаралыд turkystan.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің айтуынша, жол жиегіне ішінен сары сұйықтық аққан және жағымсыз газ иісі шығатын контейнері бар жүк көлігі келіп тоқтаған. Жанынан өтіп бара жатқан адамдар өзін нашар сезініп, тұншығып, тамағы ауырып, жүрегі айныған. 

Төтенше жағдайлар департаменті аққан сұйықтықтың көзін жойған. Көлік елді мекендерден алыс қашықтықтан өтетін болды. Жүргізуші бөшкеде не бар екенін білмейтінін айтты.

Экология департаментінің мәліметінше, ауада аммиак, пропан, метан және мұнай көмірсутектерінің артық мөлшері тіркелген. Қазір зертхана оның қандай сұйықтық екенін анықтап жатыр.

«Тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдар тұншықтырғыш, өткір иісті сезген. Олардың арасында 2021 және 2023 жылы туған екі бала бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта барлық емделуші ем қабылдағаннан кейін үйлеріне жіберілді», – деді Т. Орынбаев атындағы Гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.