Алматылық тұрғынның үйінен есірткі қоймасы анықталды
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды. Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты – героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі үйін ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.