Жаңалықтар

Степногорск қаласында банк директоры мен кассир 255 миллион теңге жымқырған

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Степногорск қаласындағы екінші деңгейдегі банк бөлімшесінің директорыы мен кассир сөз байласып, банктің ақшасын жұмқырған, деп хабарлады turkystan.kz.

Тексеру актісі көрсеткендей, банк бөлімшесінде жетіспеушілік сомасы 255 млн. астам теңге құраған.

Сотталушылардың кінәсі тексеру актісімен, аудиторлық есеппен, ақшаның жетіспеуі туралы сараптама қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен, сотталушылардың өздері мойындаған айғақтарымен, банктің бейнебақылау камераларынан жазбалармен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен «Ш.» және «К.» әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сотталушылар ұйымдар мен мекемелерде 5 жылға материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Келтірілген залалды өндіріп алу бөлігінде жәбірленушіге сотқа азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүгіну құқығы түсіндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.