Жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясы былтыр мұқтаж жандарға 1,7 млрд теңге бөлген

gov.kz

Сондай-ақ, Президент Ассамблеяның атқарған жұмыстарына тоқталды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.

«Ассамблея – кейбір адамдар айтып жүргендей, жасанды ұйым емес. Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган.

Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз», - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент Ассамблеяның атқарған жұмыстарына тоқталды.

«Ассамблея мүшелері «Қайырымдылық керуені» жобасы арқылы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп жүр. Былтырдың өзінде құны 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек берілді. Бірлігі мықты халықтың күш-қуаты азаматтардың бір-біріне деген осындай қамқорлығынан айқын көрінеді», - деді ол.