Жетісу облысының тұрғыны әкесін үйден қуып шыққан
Оқиға Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында болған.
Қарияны баласы қуып шыққаны жайлы ақпаратты полицияға көршілері хабарлаған, деп жазды turkystan.kz.
Көршілері 64 жастағы ер адамды далада ұйықтап жатқан жерінен тауып алған. Олардың айтуынша, зейнеткерді оның ұлы мен келіні үйден қуып шыққан.
Жетісу облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінің дерегіне сенсек, оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері барған.
«Ақпаратты Кербұлақ аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторлары тексерді. Аталған отбасы мүшелері бір-біріне ешқандай шағым мен арыз жазбаған», - делінген хабарламада.