Қоғам

«Арақ ішетін»: Дариға Бадықова көрермендеріне әкесі туралы айтты

Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абаймен болған “Біздің подкаст” жобасында балалық шағы жайлы айтып берді.

Танымал актриса сұхбат барысында әкесіне қатысты тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

"Бізбен замандас балалардың әкелерінің бәрі арақ ішті. Менің әкем де ішетін. Ол кезде әйел де ішеді, ер адам да ішеді. Ішкілікке салынған кезде бәрі ыдырайды екен. Әр нәрсенің берекесі кетеді. Ішкен тамақтың дәмі құриды. Әкемнің ішкілікке салынғанынан зәру көрдім дей алмаймын. Әкем кейбіреулер секілді ішіп келіп, анамды ұрып, бәрімізді ұйқыдан оятып, қырып-жою дегеннен аулақ болатын. Әкем ішсе де, момын қалпында ішетін. Ал ағайын-туыс, көршілердің отбасындағы қиындықтарды көргенім бар. Күйеуі ішіп келсе, әйелін ұрып, балаларының берекесін кетіріп жататын. Менің әкем ондай болған жоқ, бірақ ішті", – деді актриса.