Ақтөбеде жасөспірім қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті
Қыз қол жұмсар алдында хат жазып қалдырған.
Ақтөбеде 2007 жылы туған қыз суицид жасады, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Ақтөбеде сағат 14:00-де Есет батыр шағынауданындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында қыздың денесі табылды.
«Алдын ала тергеу барысында қыздың көпқабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Ол өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырған», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.