Қоғам

Ақтауда ауладағы көліктің үстіне мініп секірген ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

Тұрғынның жеке басы анықталды.

Ақтауда ер адам аулада тұрған көліктің үстіне секірген. Оқиға 32В шағынауданда болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, тұрғындар шағымын назардан тыс қалдырмаған учаскелік полиция инспекторлары бірден аталған мекенжайға барған.

Ойын алаңында сусын ішіп, сосын жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, кейін белгісіз затты лақтырған тұрғынның жеке басы анықталды.

Полиция департаменті азаматтардан кез келген құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істеп тұрған 102 кезекші пультіне хабарласуды ескертеді.